Марат Оспанов атындағы БҚМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында ОҚКЕ енгізу жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттерінің клиникалық құзыреттілігінің нақты бейнесін алуға, оқытудағы қателіктерді анықтауға және оны жақсартуға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік құралда емтиханды ұйымдастыруға, бағалау көрсеткіштерін, емтихан алушылар толтыратын бағалау парағын құрастыруға ұсыныстар, студенттер іс-қимылы қадамдарына ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары құрастырған нұсқаулар берілді. Оқу құралының үшінші басылымы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ОҚКЕ-ға арналған материалдардан тұрады, бұл оны студенттерге де, мұғалімдерге де оқу процессінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.