Жалпы микробиология бойынша тәжірибелік дағдылар және икемдер» оқу құралы микробиология курсын өткен студенттер білуі тиіс тәжірибелік дағдылар және икемдер тізіміне сәйкес жасалған. Оқу құралы 8 тараудан тұрады: кіріспе; микробиологиялық зертханалар; зерттеу материалын алу, сақтау және тасымалдау әдістері; асептика, антисептика, дезинфекция; қарапайым және күрделі бояу әдістері; микроорганизмдер морфологиясы; инфекциялық аурулардың серологиялық диагностикасы; инфекциялық аурулардың бактериологиялық диагностикасы; әдебиет. Оқу құралы 70 суретпен қамтылған.
Оқу құралы қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, мейірбике ісі, фармация факультеттерінің студенттеріне және оқытушыларға арналған.