Студенттерге арналған жалпы медициналық терминологияның фармацевтикалық тарауы бойынша құрастырылған оқу құралы.
Оқу құралы барлық факультеттердің қазақ бөлімдерінің студенттеріне негізгі оқу құрал ретінде ұсынылады.
Латын тілі пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы 2006 ж. ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес: «Фармацевтикалық терминология және рецептура» бөлімінде грамматика бойынша бұйрық, шартты рай, осы шақ және өткен шақтың есімшелері, химиялық номенклатура, дәрілік түрлер мен дәрілік заттардың атаулары қарастырылады.
Ұлт және мемлекет аралық фармакопея дәрілік заттардың аттары сапалы түрде арнайы латын тілінде қабылданған. Патентсіз халықаралық дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында латын тілінде басылған. Көптеген дүниежүзі елдерінде, Ресейде және Қазақстанда рецептер латын тілінде жазылады. Негізгі міндет – рецептерді сауатты, тез жазу, оқып және аудару. Гормондық және ферменттік препараттардың, витаминдердің, патентсіз дәрілердің дәрілік бөліктерін, сол сияқты терапевтік, анатомиялық және физиологиялық сипаттамасын беретін дәрілік бөліктерді оқып, жазғанда орфографиялық сауаттылықты меңгеру үшін үлкен көңіл бөлу керек».