Оқулықта мемлекеттік стандарт бойынша Педиатриядағы мейірбике ісі пәні бойынша қажетті дағдылар орындалуы, қажетті деңгейде балалар ауруларын анықтау белгілері, мейірбикелік деңгейде диагностикалық шаралар, емдеу және оны ұйымдастыру жолдары қамтылған, өзіндік бақылауға қажетті бөлімдерге сәйкес тестлер берілген.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі 2006 жылы бекіткен Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жоғары мамандырылған білім (бакалавриат) 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Оқу құралы ҚР медициналық жоғары оқу орындарының «Мейірбике ісі» факультетінің студенттеріне, мейірбике мамандығы бойыншы мамандар дайындайтын барлық колледждер оқушыларына және басқа балалар емдеу – алдын алу және мектепке дейінгі мекемелерінің, мектеп жанындағы медициналық көмек көрсету орындарының қызметкерлеріне арналған.